Жарнама
Жаңалықтар

Бірлескен істің берері мол

Атырау қаласында үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі облыстық кеңестің кезекті отырысы өтті. Басқосуға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова төрағалық етті.

Күн тәртібінде бекітілгеніндей, бірінші кезекте «Азаматтық қоғамның әлеуетін арттыру жөнінде жоғары оқу орындарының үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тетіктерін дамыту туралы» мәселе қаралды. Бұл тақырыптағы әңгіменің түйінін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің проректорлары Ләйла Қойшығұлова мен Еламан Әбжанов тарқатты.
Бұдан бөлек, кеңес отырысында ,,Өңірдегі азаматтық қоғам институттарымен өзара байланыс механизмдерін дамыту бағытындағы атқарылған жұмыстар» жайы жан-жақты талқыланды. Ол туралы ,,Теңізшевройл» ЖШС-нің әлеуметтік жобалар бойынша кеңесшісі Марина Фахрутдинова баяндады. Нақты мысалдар келтіріп, жіберілген кемшіліктер мен орын алған олқылықтарды да назардан тыс қалдырмады. Әріптесінің әңгімесін ,,NCOC» компаниясының жергілікті мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері Сұңқар Құтжанов жалғастырды.
Сонымен қатар, кеңес отырысында осыған дейін қабылданған хаттамалық тапсырмалардың орындалуы, алдағы жылға жоспарлар жұмыстар туралы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Жалғасқызы хабарлама жасады. Басқа да салалық басқармалардың өкілдері де күн тәртібіне шығарылған өзекті мәселелер төңірегінде мәліметтерімен бөлісті.

Дәулетқали АРУЕВ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button