Жарнама
Жаңалықтар

Бірлескен іс берекелі

Испания үшін Қазақстан – Орталық Азиядағы басты серіктес. Екі арадағы өзара экономикалық  ынтымақтастық шеңбері кеңіп келеді. Алдағы уақытта да достық және іскерлік қарым-қатынасты одан әрі дамытуға мүмкіндік мол.

Кеше облыс әкімі Нұрлан Ноғаев испандық «Еврофинс» компаниясы төрағасының кеңесшісі, ТМД мемлекеттері бөлімінің жетекшісі Игнасио Касановас пен аталмыш компанияның су жөніндегі департаментінің директоры Алехандро Тудуриді қабылдады.

Аймақ басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастық байланысты одан әрі дамыту мәселелеріне тоқтала келіп, соңғы жылдары облыс орталығында қыста түскен қалың қар мен күзгі және жазғытұрым уақыттағы жауған нөсер тұрғылықты халықты әбігерге салып келе жатқандығын, жерасты сулары деңгейін төмендету, дренаж жүйесін қолға алу мәселелерінің күн тәртібіне өткір қойылып тұрғандығын айтты.

Испандық компания өкілі Игнасио Касановас мырзаның сөзінен ұққанымыздай, жерасты суларының көтерілуі мен жауын-шашынның шамадан тыс көп мөлшерде түсуінен пайда болатын қиындықтарды шешуге қолдан келгенше көмектесуге, әсіресе, көне шаһардың кәріз желілері жұмыстарын жақсартуға мүдделілік танытып отырғандығын айтты. Ол, сондай-ақ, Атырауды батпақ пен деңгейі көтеріліп тұрған жерасты суларынан арылтуда испандық тәжірибенің де қажет болып қалатындығын жоққа шығармады.

— Екі жаққа да тиімді болар еді. Облыс орталығы көшелері азғантай жауын жауса батпаққа айналып шыға келеді. Жергілікті атқарушы билік Сіздердің бастамаларыңызға қолдау мен тиісті ақпараттық қамтуға дайын. Ынтымақтаса, түсіністікпен атқарған қызметіміздің жемісті болатындығына сенемін, — деді Нұрлан Асқарұлы.  

Облыс әкімінің қабылдауына «Каспий Солюшн» ЖШС директоры Асылбек Бишеков, жоба жетекшісі Икрам Абдукаримов және техникалық кеңесші Борн Дуглас қатысып отырды.

Бақытжан ЖҰМАТ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button