Жарнама
Жаңалықтар

Бірлескен іс берекелі

Кеше облыс әкімі Нұрлан Ноғаев  италяндық Eni компаниясының атқарушы вице-президенті Даниэль Бертореллиді, аталмыш компанияның Орталық Азия елдері бойынша вице-президенті Лука Виньятиді және «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» компаниясының бас директоры Ренато  Маролиді қабылдады.

Жылы жүзді кездесу барысында Нұрлан Асқарұлы  компания басшыларына Қарашығанақ жобасын жүзеге асыруда тындырылған ауқымды жұмыстары үшін ризашылығын білдіріп, рахметін айтты. Қашаған кенішін игеру аясында тиянақты әрі үйлесімді жұмысты қамтамасыз етудің қажеттілігін атап өтті.

Кездесуде компанияның елдегі мұнай-газ саласын бұдан әрі дамытуға қатысуының негізгі бағыттары, қоршаған ортаның экологиялық ахуалы, қазақстандық қамтылудың жайы, жұмысшылардың әлеуметтік мәселелері жөнінде  пікірлер  ортаға салынды.

Eni компаниясының атқарушы вице-президенті Даниэль Берторелли мырза өзінің Қазақстанда қызмет еткен он жылдан астам уақытта жергілікті халықтың бауырмалдығына, қонақжайлылығына, мұнайшы мамандарының біліктілігі мен кәсіби шеберліктеріне тәнті болғандығын жеткізді.

Облыс әкімінің қабылдауына болған компания өкілдері аймақ басшысының жаңа қызметіне табыстар тіледі. Олар өлкенің игілігін еселеп арттыруға мүмкіндік беретін әріптестік және ынтымақтастық байланыс шараларын одан әрі жалғастыруға ниетті екендіктерін білдірді. 

Өз  тілшіміз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button