
Жаңалықтар
Бірінші келіп сыйлыққа ие болды
Жылыой ауданында №99 сайлау учаскесінде дауыс беру салтанатты түрде өтіп жатыр. Тұрғындардың да көңіл-күйі жақсы.
Алғашқылардың бірі болып дауыс беруге келген Болат Есмұратов арнайы сыйлыққа ие болды.
-«Түнгі сменнен шықтым. Ертерек келіп саяси науқанда өз дауысымды беруді жөн санадым. Еліміздегі өзгерістер үшін белсенді болуымыз керек. Әр адамның дауысы маңызды«,-дейді ол.
Бүгінгі өтіп жатқан сайлауда жергілікті тұрғындар бірінші рет өз таңдауын жасап, қалаған үміткеріне дауыс беріп жатыр.
А. Жұмаберген