Біреудің баласын соққыға жыққан тұрғынның видеосы тарады (+ВИДЕО)
Atr.kz/4 қараша, 2020 жыл. Қарағандылық ұлына біреудің баласын ұруға көмектескені үшін айыппұл төлейтін болды. Сот оны бала денсаулығына қасақана зиян тигізгені үшін кінәлі деп тапты.
Кеше 39 жастағы Пришахтинск тұрғыны ұлына болысып қана қоймай, біреудің баласын бірге соққыға жыққан. Енді «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодекске сәйкес, 15 айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл төлейтін болады немесе 15 тәулік қамаққа алынады. Бірақ, сот оның үш баланың әкесі және отбасының жалғыз асыраушысы екенін ескеріп, абақтыға қамаудан бас тартты.
Көрсетілген айыппұлды айыпталушы бір ай ішінде төлеп болуы керек. Өз кезегінде ол біреудің баласын ұрып-соғуды көздемегенін, тек бар болғаны баласына қорғана білуді үйреткісі келгенін айтып ақталды. Бірақ, видеодан оның тек теориямен ғана шектелмегенін көруге болады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ