Жарнама
Жаңалықтар

Бір топ атыраулық «Жомарт жүрек» байқауының лауреаты атанды

Atr.kz/23 желтоқсан, 2019 жыл.  Елордада «Жомарт жүрек» байқауының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жомарт жүрек» сыйлығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған бірегей жоба. Сыйлықтың негізгі мақсаты – қайырымдылық қызмет идеяларын, меценаттықты және филантропияны насихаттау.

Сыйлықты тапсыру рәсіміне туған жерін, өскен өлкесін дамытуға қатысқаны үшін бизнес-құрылымдардың, ҮЕҰ, еріктілер мен қайырымдылық көмек көрсетушілер арасынан 50 өкіл марапатталды», делінген хабарламада.

Сыйлық «Жыл меценаты», «Жыл тұлғасы», «Туған өлке», «Ерен ерлігі», «Үздік ұйым» аталымдары бойынша табыс етілді. Туған өлкесінде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге өтеусіз көмек көрсеткені үшін «Жыл меценаты» номинациясы бойынша «Gaz stroy montazh KZ» ЖШС құрылтайшысы (Атырау облысы) Ерлан Табылдиев марапатталды.

Ерлан Табылдиев 2019 жылы Атырау қаласындағы «Мұнайшы» стадионын толығымен жаңартып, жастарға арналған скейт паркін салды. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасынан шыққан екі студент үшін Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде тегін білім алуға жағдай жасады.

Атыраулық Медет Серікбаев ауыл спортын дамытуға үлес қосқан азамат. Ол ауыл мектебін спорт жабдықтарымен қамтамасыз етіп, студенттердің оқу ақысын төлеуге жәрдемдескен.

serikbaev
tabyldiev

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button