Жарнама
Жаңалықтар

Бір орынға – үш үміткер

Биылғы 31 наурызда Исатай ауданының 2, Құрманғазы ауданының 1 сайлау округінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына жаңа депутатты сайлау өтеді. Осы саяси науқанның шеңберінде үміткерлерді тіркеу процесі аяқталды.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумовтың айтуынша, бүгінде округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына ұсынылған 9 үміткердің барлығын тіркеді. Осылайша, қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3 кандидатты құрайды.

– Тоғыз үміткердің үшеуі саяси партиялардан, алтауы өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген. Оның ішінде сегізі ер, біреуі әйел адам. Алты кандидат республикадағы саяси партиялардың мүшелері болса, үшеуі партия қатарында жоқ. Сонымен қатар, олардың орташа жас мөлшері 38-ді құрайды. Барлық кандидат жоғары білімді. Үміткерлердің алтауы мемлекеттік мекемелерде, екеуі коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды, біреуі саяси партия қызметкері, – деді А.Айманакумов.

Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт-насихат науқаны басталды. Бұл кезең 30 наурыз 00.00 сағатқа дейін жүргізіледі.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button