Жарнама
Жаңалықтар

«BINOM» мектептеріне қабылдау жүріп жатыр

Атырау қаласында «BINOM» мектептерінде оқушылар мен мұғалімдерге қабылдау жүріп жатыр. Жаңа мектептердің бірі “Ақ шағала” шағынауданында орналасса, екіншісі Драма театр аумағында бой көтеруде. Бұл туралы қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова мәлімдеді, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінде өңірде 9 мектеп үш ауысымда жұмыс істеуде. Сонымен қатар 4 мектеп апатты жағдайда деп танылған. Уақытша шара ретінде оқушылар жақын маңдағы мектептерде білім алуға мәжбүр.

— “Авангард” шағынауданындағы №30 мектеп-гимназия бірнеше жыл бұрын апатты деп танылған. Оның оқушылары қаланың әртүрлі мектептеріне бөлініп, жүктемесі жоғары ордаларда оқуға мәжбүр болып отыр. Қазір бұл мектептің орнына 1500 орындық жаңа білім ордасының жобасы әзірленді. Дегенмен құрылыс белгілі бір уақытты талап етеді. Осы аралықта «BINOM» мектептері №30 мектептің оқушыларын қабылдап, олардың сапалы әрі қауіпсіз ортада білім алуына жағдай жасауда, — деді А.Дүйсекенова.

«BINOM» мектептері мен Атырау облыстық білім беру басқармасы арасында жасалған келісімшарт негізінде жаңа оқу жылы қарсаңында 2000 оқушы қабылданды. Екі ауысымда жұмыс істейтін мектептердің жалпы сыйымдылығы 4000 оқушыға жетеді. Оқыту аралас тілде жүргізіледі: 80% – қазақ, 20% – орыс тілінде.

-Жаңа мектептердің ашылуы мұғалімдер үшін де жаңа мүмкіндік беріп отыр. «BINOM» мектептеріне мұғалімдер конкурстық негізде қабылданады. Егер сынып толық құрамымен ауысса, біз сол мектептің мұғалімдерін де жұмысқа алуға дайынбыз. Қазір, әсіресе, орыс сыныптарына кадр тапшылығы бар, сондықтан түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ең бастысы – ешбір педагог жұмыссыз қалмайды, – деп пікір білдірді «BINOM ATYRAU» ЖШС директоры Әлия Мақышева.

Жаңа «BINOM» мектептері пайдалануға берілгеннен кейін Атыраудағы үш ауысымда оқыту мәселесі айтарлықтай азайып, апатты деп танылған мектептердің оқушылары заманауи білім ордаларына көшірілмек.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button