
Жаңалықтар
Білім беру басқармасы басшысыз қалды
Облыстық білім беру басқармасының басшысы Ерлан Сламбеков қызметінен өз еркімен кетті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Ерлан Талғатбекұлы 2024 жылғы 1 наурыздан бастап креслосын босатты. Мұны оның орынбасары Орынтай Биманова растады. Сондай-ақ, экс-басшы Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында білім беру басқармасының басшысы ретіндегі соңғы жазбасын жариялады.
