Жарнама
ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

Билер кеңесі – заманауи форматта

Atr.kz/8 қараша, 2019 жыл. Атырау облысының Билер кеңесі тәжірбиесімен бөлісті Атыраудағы Билер кеңесінің татуластыру рәсімдерінің жаңа форматы еліміздің басқа өңірлеріндегі әріптестерінің қызығушылығын туғызып отыр.

Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте «Атырау облысының Билер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғаббас Хисметуллин мәлімдеді.  Оның айтуынша, келісімге келе алмаған екі тараптың сенімін арттыруда Билер қызметінің тиімділігі ерекше.

— Мұндай жағдайда тараптар судьяны ғана емес, процестік міндеттемелермен байланысты болмайтын, өзінің өмірлік тәжірбиесімен бөлісуге, қолдау көрсетуге дайын адамды көреді. Осы орайда,  атыраулық әріптестерінің тәжірбиесін алу үшін Маңғыстау облысы билер кеңесінің мүшелері Атырауда болып кетті, — дейді Ғаббас Хисметуллин.

Сондай-ақ,  Билер кеңесі мен облыстық сот  «Билер кеңесінің мүшелерін соттардағы даулы істерге қатыстыру»  туралы меморандумға қол қойған. Нәтижесінде, жыл басынан бері 250-дің үстінде даулы іс қарастырылған. Оның 168-і бітімгершілік жолмен татуластырылған. 

whatsapp image 2019 11 08 at 16.47.53

—    Қаралған даулы істердің арасында отбасын сақтап қалу, алимент өндіру, пәтерден шығару, берешек қарызды өндіру, жол-көлік оқиғасымен келтірілген залалдарды өндіру, көршілер арасындағы даулар және тағы басқалар бар.

Атырау қаласы мен аудандарды бөлек-бөлек қарастырар болсақ, облыс орталығы  бойынша 85 — дау медиация тәртібімен шешілсе, Жылыой ауданында – 11, Исатай ауданында – 15, Индерде – 9, Құрманғазыда – 9, Қызылқоғада – 22, Мақатта – 9, Махамбетте  — 8 дау осы тәртіппен шешілген, — дейді Билер кеңесінің төрағасы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button