Жарнама
Жаңалықтар

Берсең, балаға бер!

Атырау қаласында “Жауырова А.Р” жеке кәсіпкерлігінің, “ADIA” сұлулық салонының басшысы, Атырау облысы Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Ардақ Жауырова әлеуметтік қамқорлықты керек ететін отбасының 100 баласын қуантып, жаңажылдық мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

“Family park” балалар ойын алаңында асыр салған балақайлардың қуанышында шек жоқ. Әсіресе, аяз ата мен ақшақар, түрлі сайқымазақтар, өрмекші адамдармен бірге ойнап, билеп, ән айтып, бүлдіршіндер күлкіге қарық болды.

Демеушінің сыйлығы да таратылып, қойны-қонышы тәттіге толған олардың жүздері бал-бұл жанды. “Қуантсаң, баланы қуант” деген осы…

Жеке кәсіпкер Ардақ Жауырова жыл сайынғы дәстүрге сай, балаларға арналған қайырымдылық шараларды тұрақты негізде өткізіп келеді. Бүгінгі шарада қамтылған “Жарқын Жанұя” қоғамдық бірлестігінің балалары мен ата-аналары да шара ұйымдастырушыларына шынайы алғыстарын білдірді.

Айдарбек АҚАРЫС

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button