ЖаңалықтарШаһар шырайы
«Берекенің» берекесі қашты…
Бірнеше ай бұрын пайдалануға берілген «Береке» ықшамауданындағы тұрғын үйлерде әлі күнге дейін «көгілдір отын» жоқ.
Тұрғындардың айтуынша, бұдан бөлек электр жарығы да жиі сөнеді екен.
«Жылыту құралы ретінде де, тамақ пісіру үшін электр-плитаны қолданамыз. Мамандар бізге тұрғындардың 80 пайызы қоныстанбайынша газ болмайтынын айтты. Бүгінге дейін әлі 39 пәтердің сатылмағанына біз кінәлі емеспіз ғой» дейді олар.
Ал, «Қазтрансгазаймақ» өкілдері әр үйдің 80 пайызға тұрғындармен қамтамасыз етілуі бұл міндетті техникалық шарт болып табылады. Себебі, тұрғындары жоқ пәтерде газ ағып кету қаупі бар. Ондағы газды өшіру тұрғындардың өз қолында.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ