Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Белгісіз біреулер тікелей эфирде екі журналисті өлтіріп кетті

Доминикан Республикасында белгісіз біреулер  радиодан тікелей эфир жүргізіп отырған екі журналисті өлтіріп кетті. Аталмыш қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш адам құрықталды деп хабарлайды Qamshy.kz.

pogudxgh1jo70vppo.6fe39c81

Доминикандық 103FM радиосында журналистердің бірі Facebook-те тікелей эфир жүргізіп отырған. Бір уақытта Луиса Мануэля Медина сөйлеп жатқанда оқ атылған дыбастар шығып, әйелдердің шыңғырғаны естіледі. Жасалған шабуылдан кейін Медина мен бағдарлама продюсері Лео Мартинес қайтыс болды. Бір адам жараланып, ауруханада жатыр.

Полиция шабуылдың сейсенбі күні Сан-Педро-де-Макористе болғанын хабарлады. Тұтқындалғандарға әлі айып тағылмады. Полиция журналистерге не үшін шабуылдағаны әлі белгісіз екенін айтады.

Бұл тікелей эфирде журналистерге жасалған бірінші шабуыл емес. 2015 жылдың тамыз айында екі американдық журналист Вирджиния штатында телетрансляция кезінде көз жұмған. Доминикан полициясының мәліметінше, елде 10 миллионнан астам халық тұрады. Елде жыл сайын 70% адам өлтіру қылмысы қарумен жасалынады екен.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button