Жарнама
Жаңалықтар

Белгілі ақын, журналист Гүлзада Ниетқалиева «Сарайшық» журналының бас редакторы болып тағайындалды

«Атырау — Ақпарат» медиахолдингі бас директоры жаңа бас редакторды ұжымға таныстырып, сәттілік тіледі.

«Сарайшық» ұлт руханиятының өзегі. Бүгінде басылым әдеби ортаның іздеп жүріп оқитын журналына айналды. Ендігі мақсат — журналды жаңа биік деңгейіне көтеру» деп атап өтті «Атырау — Ақпарат» медиахолдингі бас директоры Ысқақ Егембердиев.

«Сарайшық» әдеби- мәдени журналы өткен жылдан бері шыға бастады.

Еске сала кетелік, Гүлзада Ниетқалиева — Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, елге танымал ақын, бірнеше поэзиялық шығармалар авторы. Оның кей еңбектері әлем елдерінің тіліне аударылған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button