Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

«Bek Air» рейстеріне сатылған билет құны толығымен қайтарылады

Atr.kz/15 қаңтар, 2020 жыл. «Bek Air» әуе компаниясының ұшпай қалған рейстерінің билет құны жолаушыларға толығымен қайтарылады.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Халықаралық әуе кемесі қауымдастығының (ИАТА) ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта «Bek Air» әуе компаниясынан Z9 жеке идентификаторы (коды) қайтарылып алынбаған. Осы код аталған әуе компаниясына тиесілі», — делінген министрліктің хабарламасында.

Z9 кодын қайтарып алудың өзі де – «Bek Air» орындалмай қалған рейстерінің авиабилеттерінің қайтару жұмысына еш әсер етпейді.

«Әуе компаниясының ИАТА коды – ИАТА әуе компаниясымен берілген 2 немесе 3 символды жеке идентификатор. Бұл код ИАТА-ның № 762 резолюциясына сәйкес беріледі. Әуе компаниясының кодтарын әуе компаниялар, билет сатылымы бойынша агенттіктер, билеттерді брондау жүйелері мен авиациялық тасымалға қатысты өзге де кәсіпорындар пайдаланады. «Бэк Эйр» әуе компаниясының орындалмай қалған рейстерін билет алған адамдар алған жерінен билет ақшасын толығымен қайтарып ала алады», — деді министрлік.

Министрлік тараптардың бірі міндетін орындамаған жағдайда ҚР Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес, екінші тарап сот органы арқылы келтірілген материалдық және моральдық шығынды талап ете алатынын еске салды.

 Еске сала кетсек, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан Бекэйр компаниясының ұшағы радардан жоғалып кетті.

Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ұшақ апатының себептерін тергеу бойынша Үкіметтік комиссияның отырысы өткізілген еді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия жіберілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button