Жарнама
Жаңалықтар

«Бейбіт күн жасасын әлемде!»

Осындай тақырыпта Отан қорғаушылар күні мен Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 30 жылдығына орай Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында мерекелік шара өтті.

Мәдениет сарайының екінші қабатындағы №5 балалар кітапханасы ұйымдастырған кітап көрмесі келушілердің назарын бірден аударды. Кітапханашы Баян Сұлтанғұбиева үлкендер ғана емес, концерт тамашалауға келген жасөспірімдердің де кітапқа деген қызығушылығы басым болғанын айтады. Бұл күні ауа райының бұзылып тұрғанына қарамастан егде көрермендер көптеп келді. Олар «Ардагерлер», «Сударушка» хор ұжымы мен әнші Ержан Мырзахметовтың өнеріне тәнті болды.

– Рас, хор мүшелерінің бәрі – құрметті еңбек демалысындағы адамдар. Бірақ, біз олардың өте өнерлі жандар екеніне көз жеткіздік. Қос хордың орындауындағы «Я люблю тебя, жизнь!», «Ақ ерке – Ақ Жайық», «Смуглянка», «Катюша», «Ах, Самара городок», «Идет солдат по городу», «Бабушки-старушки» әндерін сондай ұйып тыңдадық. Арасында қосылып ән айтып отырдық. Шыны керек, бұл біз үшін тамаша демалыс болды. Егемен елімізде бейбітшілік мәңгі орнап, көгімізде тек көгершіндер ғана самғағай! — дейді көрермендер Күләш Абдрахманова мен Маруся Сұлташева.

Лиза СЕЙТІМОВА

Суреттер автордікі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button