БЦЖ вакцинасының COVID-19 вирусына ӘСЕРІ

1587818410 9 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/20 қазан, 2020 жыл. Сovid-19 вирусының таралуы әлем жұртшылығын алаңдатып отыр. Осыған орай, біз назарларыңызды американ ғалымдарының БЦЖ вакцинасы жаңа коронавирусқа белгілі дәрежеде қалқан болуы мүмкін деген тұжырымдамасына көңіл аудармақпыз. Бұл туралы Атырау облыстық туберкулезге карсы диспансерінің балалар бөлімшесінің меңгерушісі Марат Шуақбаевпен әңгімелестік.

– Марат Тұрланұлы, БЦЖ вакцинасында Сovid-19 таралуын бәсеңдететін фактор бар деген гипотеза қаншалықты дұрыс деп ойлайсыз?

– Біріншіден менің айтарым, вакцина болмаған немесе адамдар егілмеген жағдайда, қандай мас-штабты және қасіретті салдар туатынына бәріміз куә болдық. Әлем өзгерді, қоғам өзгерді, бірақ жақсы жаққа деп айта алмаймын. Вирус адам өміріне қауіп төндіріп тұр. Сондықтан дер кезінде вирустық инфекцияға қарсы вакцина табу керек. БЦЖ вакцинасының коронавирус инфекциясының таралуына әсері туралы сұрағыңызға көшсек, біз тек фактілерді сөйлетсек болады. 2020 жылдың наурыз айында MedRxiv сай-тында ғылыми мақала пайда болды, онда автор-лар – американдық остеопат медицина колледжінің қызметкерлері мынадай тұжырымдама жасаған: жаңа коронавирус инфекциясынан әр елде тіркелген өлім үлесінің айырмашылығы БЦЖ вакцинасының егілгендігіне байланысты. Осы күнге дейін БЦЖ вакцинасын егіп келген Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссия, Ұлыбритания және басқа көптеген ел-дерге, вакцинация жасалмаған елдерге қарағанда, Сovid-19 вирусымен аз ауырады. Бұл Италия, Испания, Қытай, Германия, Голландия, Чехия, Швеция елдері. Бәрімізге белгілі, 1945 жылдан 1990 жылға дейін Германия екі мемлекет болып келген. Батыс Германияда БЦЖ вакцинасы салынбаған, ал ГДР-де БЦЖ вакцинасы егілген. Соған бай-ланысты шығыс Германияда коронавирус инфекциясына шалдыққандар едәуір аз болды. БЦЖ вакцинасының коронавирус инфекциясының тара-луына әсері нағыз сенсацияға айналды.

– Cоvid-19 вирусы мен туберкулез инфекциясының қоздырғышы не?

– Туберкулез қоздырғышы, яғни туберкулез таяқшасының қоздырғышы – бактерия, ал Сovid-19 қоздырғышы – вирус. Бұл мүлдем ұқсастығы жоқ микроорганизмдер. Бұлардың даму, көбею, тара-лу сфералары, көлемдері, масштабтары әрқилы. Сондықтан бір инфекцияны тоқтатуға ойлап табылған вакцина басқа инфекцияға жарамайды. Бірақ, бір жағынан БЦЖ моноциттердің қайта бағдарламалауына әкеледі, яғни спецификалық емес иммунитетке жауап беретін қызыл денелер, цито-кинге – белокқа жақсырақ әрекет еткен, иммун жа-сушаларды ынталандырып, инфекциямен күресте едәуір белсенді болып бастаған. Теория жағынан қарағанда, БЦЖ иммундық жүйені жұмылдырып ағзаның инфекцияға қарсылығын күшейтуі мүмкін. БЦЖ екпесі – бұл туберкулез ауруының вакцина-циясы. Ол тірі туберкулез таяқшаларының штаммы негізінде жасалады. Мамандардың айтуынша, бұл микроорганизм адамға қауіпті емес, себебі алдын ала инактивациядан өтеді. Бұл препаратпен егу адам-ды ауыр ауруларға шалдығудан сақтайды, мысалы туберкулезді менингиттен, сүйек зақымдануынан, өкпенің ауыр инфекцияларынан. Бұл вакцина 1921 жылы, яғни жүз жыл бұрын жасалған.

– Жүз жыл ішінде вакцинаның құрамы өзгерді ме? Қалай болғанда да, жаңа технологиялар, бақылаулар, зерттеулер болды ғой.

– Жоқ, өзгерген жоқ. Сол 1921 жылдан бері БЦЖ препаратының құрамы сол қалпында, ішінде туберкулездың кейбір қоздырғыш кіші типтетрі сақталған. Вакцинацияға арналған микроорганизмді қоректік ортаға бациллаларды егіп шығарады, олар бір аптада өсіп, өнеді. Содан кейін олар қоздырғышты бөледі, сүзгіден өткізеді, шоғырландырады, нәтижесінде дайын вакцина алады. Туберкулезден басқа БЦЖ вакцинасы тиімділігін проказа ауруымен күресте дәлелдеді, сондай-ақ толық емес мәліметтер бойынша Бурули жарасынан және басқа туберкулезге жатпайтын микробактериоздардан қорғайды. Бұдан басқа ол қуық қатерлі ісігін емдеуде қолданылады.

– Марат Тұрланұлы, Сovid-19 вирусы әр елде әртүрлі өтіп жатыр. Неге?

– Көпшіліктің ойынша, бұған халықтың жасы, медицина мен мемлекеттің мүмкіндігі, карантин шаралары және басқа да факторлар әсер етеді. Бәрі дұрыс. Бірақ, ағылшын ғалымдары бұл жағдайға басқа позициядан қарауды шешті. Олар халықтың генетикасын зерттеп, мынадай тұжырымдамаға келді – Сovid-19 вирусының жұқтырылуы, оның таралуына белгілі адам типінің гендік құрамы әсер етеді, дәлірек айтқанда халықтың. Зерттеу нәтижесінде гендік өзгерістер алты түрлі мутацияны басынан өткізетіні белгілі болды. Ол мынадай ген учаскелеріне тиесілі – зат алмасу, қан құрамы, пульс, дем алу, жалпы иммун жүйесі. Қаны I (0) топқа жататын адамдар Сovid-19 вирусының патологиялық әсеріне II (А) топқа жататын адамдарға қарағанда 20 процентке аз бағынышты. Бұл Азия елдері мен Ресейде ауру мен өлімнің салыстырмалы түрде Европа мен Америка елдеріне қарағанда неліктен төмен екенін түсіндіреді. Егер Азия елдерінде мутация тек 11 процентті құраса, испандықтарда үш есе, итальяндықтарда төрт есе көп болды.

– БЦЖ вакцинасының Сovid-19 вирусының таралуына әсері туралы тарқатып айтсаңыз?

– Нақты жауап жоқ. Бұл мәселе көп зерттеуді талап етеді. Бала күнімізде жасалған егу бізге белгілі бір иммун фонын береді деген байсалды деректер бар. Иммундық жүйенің белсенділігі артады. БЦЖ вакцинасы иммундық жүйені жаттықтырады, сонда ол түрлі инфекциялар мен вирустарға тез әрекет етіп жауап қайтара алады. Қалай екені белгісіз, туберку-лез микробактериясына қарсы вакцина иммундық жүйенің спецификалық емес, жасушалық жауабын күшейтеді.

– Сондықтан БЦЖ вакцинасының ролі өседі…

– Сөзсіз. БЦЖ егудің негізгі мақсаты – бәріне белгілі, туберкулез ауруының алдын алу. Вакцина бала ағзасын Кох таяқшасынан қорғай алады. Егілген бала туберкулезбен ауруы да мүмкін, бірақ вакцина аурудың өршуіне жол бермейді, асқынудан, өлімнен сақтап қалады. БЦЖ аурудың өте ауыр және қауіпті дамуына, әсіресе бала жаста өкпе туберкулезіне ұласуына жол бермейді.Вакцинаның еш зияны жоқ, себебі әлсіреген бактерия жұқтыру қабілетін жоғалтады, ал егілген ағзада туберкулезге қарсы иммунитет қалыптастыру қабілетін сақтап қалды.

– Ата-аналарға қандай кеңес бересіз?

– Вакцинаның пайдасы немесе зияны тура-лы нақтыланбаған. Вакцина туралы әңгімелерге еріп кетпей, маман дәрігерлердің пікірлеріне құлақ асқан жөн. Баланың денсаулығы, болашағы ата-ана жауапкершілігінде. Өйткені, балаға екпе салу үшін ата-ананың рұқсаты керек. Сондықтан, асықпай таразылап, дұрыс шешім қабылдаған жөн.

Марина ҚУАНЫШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз