Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Базар, фитнес қызметі мен саяхатқа тыйым салынды

Atr.kz/15 қазан, 2020 жыл. Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Асылбек Шаровтың жаңа қаулысында айтылған.

«Демалыс және мереке күндері азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда және ойын-сауық орталықтарының (бутиктер), сауда үйлерінің, сауда желілерінің, азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлардың қызметін тоқтатылсын» делінген қаулыда.

Сол сияқты, Атырау облысында өзен трамвайы мен фитнес орталықтарының қызметі тоқтатылды.

«Жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың, спорт секцияларының, спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметі тоқтатылсын» —делінген бас санитарлық дәрігердің қаулысында.

Сондай-ақ, саяхаттау катерлерінің (өзен трамвайы) қызметі де тоқтатылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button