Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Бауырды зақымдайтын ауру

Адам бауырын зақымдайтын жұқпалы аурудың біріС вирустық гепатиті. Сырқаттың бұл түрінің жұқпасы залалданған қанды немесе қан өнімдерін құйған кезде, С вирустық гепатитімен ауру ағзаларды ауыстырғанда, дұрыс залалсызданбаған медициналық құралсаймандар, залалданған инъекциялық құралдар арқылы, қанмен ластанған жеке гигиена құралдарын ортақ пайдаланған кезде жұғуы мүмкін.

i

Сондай-ақ, жыныстық қатынас арқылы және С вирустық гепатитімен ауыратын анадан босану кезінде баласына берілуі де әбден мүмкін жағдай екендігін қатаң ескерген жөн. Індет қан арқылы тарайтындықтан нашақорлар арасында жиі кездеседі. Гепатиттің бұл түрін анықтаудың өзі тым күрделірек. Себебі,  ауырып жүрген адам өзінің ағзасында вирустың барын білмейді, оның бойында тек шаршағандық пен әлсіздік қана білінеді. Сондықтан, емханаларға бармай, ауруды асқындырып алады. Асқынған ауру созылмалы түрге ауысуы мүмкін. С гепатитінің вирусы адам ағзасында тез өзгереді. Оған қарсы вакцина жасалмаған.

С вирусты гепатитінен сақтанудың негізі – аурудың жұғу жолдары мен қорғану шаралары туралы ақпараттарды білу.

С вирустық гепатит аурушаңдығының  алдын алу шаралары қандай?

– Басқа адамның қанмен ластанған жеке гигиеналық құралдарын (сақал-мұрт қыратын, маникюр, педикюр жасайтын құралдар, тіс щеткасы, тарақ, орамал) пайдаланбау қажет;

– Татуировка, пирсинг, маникюр, педикюр жасар алдында маман құралдарды дезинфекциядан өткізгеніне көз жеткізіңіз немесе бір рет қолданылатын құралдармен жұмыс істеуін талап етіңіз;

– Кездейсоқ адаммен жыныстық қатынас жасамаңыз, қорғаныш құралдарын пайдаланыңыз;

– Емдеу-профилактикалық мекемелерде диагностикалық және емдік шаралар бір рет қолданылатын құралдармен жүргізілуі тиіс;

–  С вирустық гепатитімен ауырған адам донор бола алмайды.

Есте сақтаңыз! Қауіпсіздік шараларын сақтау сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызды сақтайды.

Маржан  ЖИЕНБАЕВА,

Атырау қалалық қоғамдық денсаулық сақтау

басқармасы  эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекші  маманы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button