Жарнама
Жаңалықтар

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында жазғы оқу кезеңі басталды

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде жауынгерлік дайындықтың жаңа оқу кезеңі басталды.

Ақтау, Ақтөбе және Атырау гарнизондарының әскери бөлімдерінде жеке құраммен мемлекеттік және құқықтық дайындықтан сабақтар өтті.
1-3 маусым аралығында әскери бөлімдер тактикалық-саптық жаттығуларын өткізеді, оның барысында жеке құрам дабыл бойынша көтеріліп, жауынгерлік әзірліктің жоғарғы деңгейі болған кезде командалық-басқару органдарының үйлесімділігі тексеріледі.

Басты мақсат — әскерлерді жауынгерлік-жедел басқару және басқару жүйесін жетілдіру. Жауынгерлік дайындық аптасы кезінде өңірлік қолбасшылық әскери бөлімдерінің біз берілген тапсырманы уақытында орындай алу мүмкіндіктерін тексеріп, бағалай аламыз — деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы жедел бөлімінің бастығы полковник Талғат Кенжетаев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button