
Басқармаға жаңа басшы тағайындалды
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы болып Нұрбол Сыдықов тағайындалды.
Нұрбол Сыдықов 1990 жылғы 10 қыркүйекте дүниеге келген. Дене шынықтыру және спорт, құқықтану салалары бойынша жоғары білімі бар. Қазақ спорт және туризм академиясының докторантурасын бітірген, PhD доктор дәрежесіне ие. Жалпы еңбек өтілі – 13 жыл.
Еңбек жолын жаттықтырушы болып бастап, кейін спорт кешенінің меңгерушісі, спорт шеберлігі мектебінің директоры болып еңбек еткен. Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары, «Спортты дамыту дирекциясы» КММ басшысы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне қарасты республикалық спорт колледжінде директордың спорт жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
2024–2025 жылдары Атырау облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасында қызмет етіп, ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелер, спортты дамыту және спорттық нысандарды қадағалау бөліміне жетекшілік еткен.