Жарнама
Жаңалықтар

Баспана бар, құқық жоқ: Саяжай тұрғындарының жанайқайы

Атырау облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының ұйымдастыруымен саяжай тұрғындарымен кездесу өтті. Басты мақсат — саяжай және бау-бақша шаруашылықтарын дамыту, осы мақсаттағы жер учаскелерін ұзақ немесе мақсатсыз пайдалану фактілерін айқындау және саяжайлардағы инфрақұрылымды жақсарту мәселесін талқылау.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында «Қазақстан Республикасы Саяжай және бау-бақша шаруашылықтарын дамыту жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасын» кезең-кезеңімен жүзеге асыру және осы жолда туындайтын кедергілер талқыға түсті. Басқарма өкілдері мен салаға жетекшілік ететін мамандар жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі мен заңнамалық талаптарды түсіндіріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Ал жиналған елу шақты саяжайдың тұрғындары жер мәселесіне қатысты нақты ұсыныстарын айтып, бірнеше жылдан бері шешілмей келе жатқан түйткілдерді ортаға салды.

Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Ермекқали саяжай телімдеріндегі жеке тұрғын үй құрылысы мәселесіне қатысты ведомство ұстанымын түсіндіріп өтті.

– Жеке тұрғын үй салуға сұраныс жылдан жылға артып келеді. Осыған байланысты саяжай телімдерінің нысаналы мақсатын заңнама шеңберінде оңтайландыру бағытында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Әрбір азаматтың өтініші жеке тәртіпте қаралады, — деді ол.

Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар пікірлерін ортаға салып, жол картасы аясындағы жұмыстарды тиімді іске асыру үшін бірлескен әрекет ету қажеттілігіне тоқталды. Басқарма басшысының орынбасары алдағы уақытта тұрғындармен кездесу әрі қарай да жүйелі түрде жалғасып, нақты проблемалар мен шешу жолдары талқыланатынын жеткізді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button