Баспана алуға мүмкіндік бар
«7-20-25″ бағдарламасындағы жеті пайыздық мөлшерлеме – жұртшылық үшін өте қолжетімді меже. Бұған дейін де «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бес—сегіз пайызбен ипотека беріп келген, әрине, оған қол жеткізу үшін біраз уақыт жинақтау талап етілетін. Оның үстіне қазір банктер бастапқы жарнаға пәтер құнының 30, кейде тіпті 50 пайызын бірден салуды талап етсе, бұл бағдарлама бойынша ол 20 пайыздан аспауға тиіс.
«7-20-25» бағдарламасындағы жеті пайыздық мөлшерлеме – жұртшылық үшін өте қолжетімді меже. Бұған дейін де «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бес-сегіз пайызбен ипотека беріп келген, әрине, оған қол жеткізу үшін біраз уақыт жинақтау талап етілетін. Оның үстіне қазір банктер бастапқы жарнаға пәтер құнының 30, кейде тіпті 50 пайызын бірден салуды талап етсе, бұл бағдарлама бойынша ол 20 пайыздан аспауға тиіс.
«Нұр Отан» партиясы облыстық партия филиалының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова «Бес бастаманың» игілігі туралы партияның Мақат аудандық филиалына қарасты «Доссормұнайгаз» бастауыш партия ұйымында кеңінен талқыланғандығын мәлім етті.
Бастауыш партия ұйымы төрайымы Әсел Барахатова жиын барысында Елбасы, партия төрағасы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» жүзеге асыруды «нұротандықтарға» жүктегенін, қазір бұл мақсатта облыстық партия филиалы жанынан бақылау жөніндегі қоғамдық кеңес құрылғанын айтып өтті.
Бастауыш партия төрайымы партия қызметін жаңғырту жұмыстарына да тоқталды. «Осы бағытта 20-дан астам жаңа жоба қолға алынып, жүзеге асырылуда. Олардың қатарында кітап қорларын цифрландыру, ІТ сыныптар ашу, шағын және орта бизнесті қолдау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосуға бағытталған партиялық жобалар бар» деді ол.
Атап айтар болсақ, бүгінде өңірде «Бес әлеуметтік бастаманың» «7-20-25» бағдарламасы бойынша бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. Облыс бойынша 155 өтінім түсіп, 101 ипотекалық несие мақұлданып, бүгінде 81 ипотекалық несие берілді.
Малике Қуанышева