ЖаңалықтарCOVID-19: Соңғы поштадан...
БАС САНДӘРІГЕРДІҢ ЖАҢА ҚАУЛЫСЫ ШЫҚТЫ
Кей талаптар алынады: елімізде
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты.
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер
Айжан Есмағамбетованың жаңа қаулысы жарияланды.
«Енді білім беру ұйымдарында «жасыл» және «сары» аймақтарда әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптар алынады.
Күн сайынғы термометрия талабы қойылмайды.
«Ashyq» қосымшасын пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және термометрия жүргізу білім беру ұйымдары әкімшілігінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін.
Өңір «қызыл» аймаққа ауысқан кезде сақтық шараларын жүргізу қамтамасыз етіледі» делінген қаулыда.