Бас прокуратура Мұхтар Әблязовтың ұйымына қатысты қандай мәлімдеме жасады?
Atr.kz/20 ақпан, 2020 жыл. Бас прокуратура «Қазақстанның демократиялық таңдауы» ұйымын экстремистік деп мәлімдеді.
Және аталған экстремистік ұйым жақтастарының әлеуметтік желілерде ел тұрғындарын заңсыз митингілерге қатысуға шақыруды жалғастыруына арандамауға кеңес берді.
«Мұхтар Әблязовтың билікті күшпен құлатуға және басып алуға, әлеуметтік араздықты қоздыруға жария шақыруларына байланысты «Қазақстанның демократиялық таңдауы» ұйымы сот шешімімен экстремистік деп танылғандығына (Астана қаласының Есіл аудандық сотының 13.03.2018 жылғы шешімі) назарларыңызды аударамыз.
Осылайша, «ҚДТ» экстремистік ұйымы — бейбіт ұйым болып табылмайды.
Оның қызметіне қатысу — Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 258 және 405-баптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады» делінген мәлімдемеде.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА