Басқармада – жаңа басшы

2 1 Жаңалықтар

Атырау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы болып Нұрлан Жаңабаев тағайындалды.

2

Ол бұған дейін төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік-диспетчерлік қызметіне басшылық еткен болатын. Оның бұрынғы лауазымын Қайрат Темірболатов атқаратын болды. Кезекшілік-диспетчерлік қызметтің тәжірибелі маманы Ерлан Өскенбаевтың ендігі қызметі жаңа – Жылыой аудандық  төтенше жағдайлар  бөлімінің басшысы.

Атырау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бұрынғы бастығы Михаил Хагай зейнеткерлікке шықты. Ұзақ жыл осы салада қызмет еткен азаматтық қорғаныс подполковнигі Саламат Қайыров, азаматтық қорғаныс майоры Әлияш Көшкенова мен Света Шыманова да енді бейнеттің зейнетін көрмекші.

Азамат САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз