БАРДЫ БАҒАЛАЙТЫН, МҮМКІНДІКТІ САРАЛАЙТЫН КЕЗЕҢ
Аймақ басшысының бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев төрағалық еткен есепті жиынға барлық басқарма басшылары қатысты.
— Жылдың тәмамдалуына да екі ай қалды. Ендеше, «қай шаруадан ақсадық, қандай жұмыстарды жетілдіру қажет?» деген сұрақтарға жауап іздейтін шақ туды. Бұл бағытта облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов нақты тапсырма жүктегені белгілі. Әр басқарма басшылары ұсынған мәлімет алдарыңызда бар. Соған сәйкес сауалдар қойылады,-деді Ғұмар Ислямұлы кіріспе сөзінде.
Жиын барысында Үкімет басшысы да бюджетті игеру, азық-түлік бағасын тұрақтандыруға қатысты мәселелерді ұдайы назарында ұстап отырғаны айтылды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары әрбір сала бойынша нақты ақпар беру керектігін ескертті.
Есепті жиында алдымен Мақат ауданының әкімі Ерболат Омаров баяндама жасады. Сонан соң сұрақ-жауапқа ұласты.
Ғұмар Ислямұлының айтуынша, бүгін, сенбі күні өңір басшылығының алдында жасалған жұмыстар мен алдағы міндеттері туралы Жылыой, Құрманғазы, Қызылқоға аудандарының әкімдері хабарлама жасайды.
Айбөпе САБЫРОВА.