Жарнама
Жаңалықтар

Бар жақсылық – балаларға!

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының ұжымы аз қамтылған, көпбалалы отбасыдан шыққан балаларды «Атырау» сауда ойын-сауық кешеніне шақырып, ерекше көңіл-күй сыйлады.

– Мен бүгін анаммен бірге ойын алаңына келдім. Мұндағы ерекше аттракциондар маған қатты ұнап жатыр. Осындай шараға шақырған аға-апаларымызға рақмет. Олар бізге қызықты ойын құралын сыйлады. Үйге барып бауырларыммен бірге ашып, ойнайтын боламыз, — деді 8 жасар Әли Жұмағалиев.
Ойын арасында балаларға түскі ас та ұйымдастырылды. Олар әдетте аналары дайындайтын тағамды мейрамхананың ас мәзіріне алмастырды.

– Жыл сайын мереке қарсаңында партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында осындай іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. Биыл бұл шараны «Жарқын жанұя» қоғамдық бірлестігімен бірге қолға алдық. Әр баланың жас ерекшелігіне сәйкес ақыл-ойын дамытуға арналған ойыншықтарды сыйлыққа бердік, — деді «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының бөлім меңгерушісі Әсел Қаржауова.

Малика ТӘКЕЖАНҚЫЗЫ
Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button