Жарнама
Жаңалықтар

BAQ QUIZ: Ақпарат майталмандарының зияткерлік додасы

Атырау қаласында облыстық «Прикаспийская коммуна» қоғамдық-саяси газетінің 105 жылдық мерейтойына орай, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған «BAQ QUIZ» зияткерлік сайысы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты — ғасырлық тарихы бар басылымның мерейлі мерекесін ұлықтап қана қоймай, өңір журналистикасында қызмет етіп жүрген қаламгерлердің ынтымақтастығын арттырып, шығармашылық қарым-қатынас орнатуға жағдай жасау.

«Атырау-Ақпарат» ЖШС және Қазақстан Журналистер одағының Атырау облыстық филиалы бірлесіп ұйымдастырған зияткерлік додаға бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, баспасөз хатшылары, тәуелсіз журналистер мен сала ардагерлері қатысты. Зияткерлік додада олардың жалпы эрудициясы, логикалық ойлау қабілеті, жедел шешім қабылдау дағдылары мен тапқырлығы сыналды.
Тартысты өткен білім бәсекесінде жоғары ұпай жинап, өзгелерден оқ бойы оза шапқан «KEZDEISOK QUBYLYS» командасы І орынды жеңіп алды. «Тілшиш» командасы – ІІ, «105-сила» командасы үшінші орынды қанжығасына байлады. Жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
«BAQ QUIZ» бұл білім мен мәдениетті ұштастырған, журналистердің басын қосып, ой мен тәжірибе тоғыстырған тағылымды жоба ретінде есте қалды.
Тоғжан ЕРМЕК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button