Жарнама
Жаңалықтар

Балық өнеркәсібін дамыту мәселелері талқыланды

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдің балық өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Талқылауға өндірістік балық өндіретін кооперативтердің басшылары, ғылыми қызметкерлер, ҚР Парламентінің сенаторлары және құқық қорғау органдарының өкілдері шақырылды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-05-25 at 15.06.37 (3)

Кеңес барысында Атырау облысы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Мақсот Мұқанов атқарылған жұмыстар және осы саладағы тапсырмалардың орындалуы туралы есеп берді. Атап айтқанда, балық өнімін терең қайта өңдеу мәселесі әлі күнге дейін шешілмей, ауланған балықтардың басым бөлігі экспортқа шикі күйінде жіберілуде. Әйтсе де, Құрманғазы ауданында қайта өңдеу өнеркәсібін құруға мүмкіндіктер бар. Бұл ретте бөлінген квотаны игеру туралы да мәселе қойылады.

Бұл мәселені жан-жақты талдау қажет. Өндірістік кооперативтер бөлінген лимиттерді неге игермейді? Сонымен бірге квота бөлу кезінде іріктеп қарау қажет. Балық аулауға лимит материалдық-техникалық базасы, жүзу құралдары, адам ресурстары жоқ кәсіпорындарға берілетін фактілер байқалуда. Ал өнеркәсіптік аулауға мүмкіндігі барлары да осындай көлемде алады. Терең қайта өңдеу мәселесіне қатысты біз бұл туралы бірнеше рет ашық айттық. Жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерлерге барлық мүмкін болатын мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге дайын. Біз бұған қызығушылық білдіреміз, — деді Нұрлан Ноғаев.

WhatsApp Image 2018-05-25 at 15.06.37

Квота алу және балық аулауды бастау мерзімі өндірістік кооперативтердің үлкен алаңдаушылығын тудырды. Биылғы жылы балық кәсіпорындары рұқсатты 1 наурызда алды. Кеңесте 1 қаңтардан бастап көктемгі балық аулау маусымына барлық қажетті құжаттарды дайындау міндеті қойылды.

Атырау облысы әкімінің айтуынша, «Жайық-Каспий» бассейнінің және Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзенінің сағасында түпті тереңдету жұмыстары айтарлықтай маңызды мәселе. Бұл жобаны іске асыру үшін бірнеше жыл бойы республикалық бюджеттен 5,5 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Биылғы жылы өзен түбін тазарту жұмыстарын жүргізу үшін 1,5 млрд теңге жұмсалатын болады.

— Бұл аз мемлекеттік қаражат емес және барлық жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілуі қажет. Адамдар нәтижесін көруі тиіс. Түпті тереңдету жұмыстары өңірдің экологиялық жүйесі үшін маңызды. Бұл мәселені біз тұрақты бақылауда ұстайтын боламыз. «Бекiре-2018» кең ауқымды табиғат қорғау акциясының аясында жүргізілген жұмыстар туралы Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының және Атырау облыстық ІІД басшылары баяндады. Баяндамашылардың мәліметтері бойынша батыс Қазақстанның үш облысының аумағында акция басталғаннан бері табиғат қорғау заңнамасын бұзушыларға 46 қылмыстық іс қозғалды. Браконьерлерден 16 тоннадан астам балық тәркіленді, оның ішінде 8 тоннадан астамы Атырау облысында. Заң бұзушыларға 8 млн теңгеден астам айыппұл салынды, — деді облыс әкімі.

WhatsApp Image 2018-05-25 at 15.06.37 (2)

Кеңесте ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ғұмар Дүйсембаев пен Сәрсенбай Еңсегеновтер өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.

Біз бүгін өңірдің балық өнеркәсібін дамытудың маңызды мәселелерін талқыладық. Бір кездері бұл сала еліміздің экономикасына айтарлықтай үлес қосты. Біз саланы дамытуға бірлесіп қолдан келген үлесімізді қосуға тиіспіз. Бұл үшін бізде қаржылық мүмкіндіктер де, адам капиталы да, ниет те бар. Проблемалық мәселелерді біз депутаттардың, министрліктердің, үкіметтің алдына қоюымыз керек. Барлық жауапты органдардың жөнге салынған жұмысы балық қорларын құртушы бұзақылар келтіретін шығынды азайтуға ықпал етті. Келесі кезең балық саласын дамыту үшін барлық қажетті жағдайларды жасау, — деп сөзін қорытындылады Нұрлан Ноғаев.

Хорлан Смадияр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button