Балауса, Рембаза, Жаңаталап ауылдарынан жаңа мектептер салынады
Atr. kz / 13 – ақпан. Биыл Атырауда бірнеше мектеп салынады. Соның ішінде, Жаңаталап ауылынан 300 орындық мектеп-интернат, Рембаза ауылынан Мұратбаев атындағы 300 орындық орта мектеп құрылысы, Балауса ауылынан 600 орындық орта мектеп құрылыстары жоспарланып отыр.
Тұрғындар алдында есеп беріп жатқан Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұының хабарлауынша, мектептердегі орын тапшылығын толықтай жою мақсатында тағы да жаңадан 10 мектептің құрылысын жүргізу үшін жоба жасақталып, 14 балабақша құрылысы жоспарланып отыр.
Еске сала кетелік,өткен жылы қала мектептерінің материалдық-техникалық базаларын жаңарту үшін 478 млн. теңгеге қажетті жабдықтар алынып, Береке шағын ауданында – 1200 орындық, Нұрсаяда – 900, Жұлдыз шағын ауданында – 624, Дамба және Ракуш ауылдарында әр қайсысы 300 орындық мектептердің құрылысы басталған болатын.
Мәлике ҚУАНЫШЕВА