Балақай, БАЛАБАҚШАға барасың ба?..
Аtr.kz/3 маусым, 2020 жыл. Дүние жүзін дүрліктірген коронавирус індеті елдегі жалпы ахуалды төтенше жағдайға дейін және кейін деп екіге бөлгені ақиқат. Өзгерістер кез келген саланы айналып өтпеді.
Балабақша қызметі онлайн жұмыс режиміне сәйкес келмегендіктен, толықтай тоқтап, тек 20 мамырдағы облыстық санитариялық бас дәрігердің қаулысы негізінде ата-анасының екеуі де жұмыста жүрген балаларды қабылдайтын кезекші топ ретінде жұмыстарын бастады. Карантин кезіндегі балабақшалар жұмысының жәй-жапсарын білу үшін жұмысымыздың жанындағы №22 «Еркетай» балабақшасына бас сұқтық.
«36,6. Кіруге рұқсат!»
Әдеттеер теңгілік жаттығуды далада жасайтындықтан, балалардың күлкісі мен ұйқысын аша алма ғ ан бөбектердің у-шу даусына толы болатын аула тым- тырыс. Сағат тілі таңертеңгі сегізге таяп қалды. Бізге і ш к е к і р у г е р ұ қ с а т етілмейтіні белгілі, мекеме басшысымен жолығыса алсақ деген ойымызға орай, балабақша директоры Лаура Қыдырованың өзі есік алдынан кездесті.
Жұмыс жасап тұрған екі топтың тәрбиешісі, мейірбике және директордан құралған топ балаларды қабылдап алуда. Балабақша қызметкерлері санитарлық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Мән-жайға қаныққан соң, мекеме директоры қазіргі ахуал туралы айтып өтті.
– Төтенше жағдайдың ж а р и я л а н у ы н а б а й л а нысты біз де жұмысымызды тоқтатып, қызметкерлер ү й і н е ж і б е р і л д і . Балабақшамыз шағын, төрт топ, 25 қызметкер бар. Алайда, қазір екі топта 12 баладан қабылдап отырмыз. Медициналық қ ы з м е т к е р , т ө р т тәрбиеші, екі тәрбиешінің көмекшісі, аспаз, аула сыпырушы, кір жуушы жұмысқа шақырылды. Ата-аналарының екеуі д е ж ұ м ы с т а б о л ғ а н жағдайда ғана балаларды қабылдаймыз. Қазіргі у а қ ы т т а б а л а б а қ ш а ғ а келіп жүрген бөбектердің б а р л ы ғ ы н ы ң а т а — аналарының жұмыс орнынан анықтама алынд ы . Т и і с т і т а л а п т а р , санитарлық ережелер қатаң сақталуда. Бұл бағытта ата-аналармен де түсінік жұмыстары жүргізілді. Маска тағып жүру міндетті, ішке кіруге болмайтыны, баланың денсаулығына қатысты шағымдар болған ж а ғ д а й д а м е к е м е г е қабылданбайтыны туралы хабардар еттік, — деді Лаура Ғинаятқызы бізбен әңгімесінде.
Сөзінің дәлеліндей, кіші топқа баласын алып келген ата-ана дәрігер тексерісінің нәтижесін күтіп тұрды. Мейірбикенің «Дене қызуы 36,3» деген мәліметін арнайы журналға тіркеген соң, бір-біріне сәттілік тілеген анасы мен баласы алыстан қоштасты.
Байқауымызша, балалар да қазіргі ахуалды терең түсінетіндей. Ойын баласы болып, ата-анасынан қалмай жылап жатқан бөбектерді байқамадық. Барлығы да тепловизорға маңдайларын тосып, антисептик себуге қос алақанын ашып, тәртіпке толық бағынуда. Құдды жағдайды түсініп, есейіп кеткендей әсер қалдырды.
«Тазалық – бірінші орында»
«Мен қызмет атқаратын мекеме карантин кезінде де жұмысын тоқтатқан жоқ. Алайда, балаларымның қ а с ы н д а е р е с е к а д а м болмағандықтан, жұмыстан ақысыз демалыс алып, үйде отырдым. Кезекші топ ашылатынын естігенде, жұмыс орнымнан анықтама а л ы п , б а л а б а қ ш а ғ а ескерттік. Жалпы, ахуалға а л а ң д а ғ а н ы м ы з б е н , балабақшадағы талап пен тазалықты көрген соң, алаң көңіліміз басылғандай. Апайлары есік алдынан күтіп алып, балалардың уақытын тиімді, қызықты өткізуге барын салуда. Қызым да балабақшаны қатты сағынып қалса керек, таңертеңгілікте үлкен құлшыныспен к е л е д і . Тезірек бұрынғы өмір тәртібіне оралсақ екен деген тілегіміз бар» деді бізбен әңгімелескен ата- ана.
Мекеме басшысынан білгеніміздей, санитарлық ереже талаптарына сай, балабақша ішіндегі тәртіпке де өзгерістер енгізілген. Жатын б ө л м е л е р д е г і кереуеттердің арасы 1 метр қашықтыққа өзгертіліпті. Ас ішетін үстелдерде де бұрынғыдай төрт баладан емес, екеуден отырғызылады. Бекітілген алгоритмге сәйкес жұмыс жа с а у д а . А й т а кетерлігі, төтенше жағдай сабақ кестесіне әсер етпейді. Өтуі тиіс қосымша дәрістер, таза ауадағы жаттығу сабақтары бекітілген кестеге сай жүргізілуде.
«Өзге емес, өзім айтам…»
Ж о ғ а р ы д а ғ ы ж а з б а м е м л е к е т т і к балабақшадағы ахуал. Ал, жеке мекемелердегі жағдай қалай? Бизнес иелерінің бұл күндердегі кезіккен проблемалары аз болмады. Мәселенің а н ы қ — қ а н ы ғ ы н а ж е т у үшін Атырау қаласындағы «Знамус» балалар дамыту орталығының директоры Зейнеп Астраханцевамен сұхбаттастық.
– С і з б а с қ а р а т ы н орталықтың карантин кезіндегі ахуалы туралы айта кетсеңіз?
– 20 мамырдан бастап облыстың санитариялық б а с д ә р і г е р і н і ң қ а у л ы с ы н а с ә й к е с , балабақшаларымыздағы кезекші топтарға бөбектерді қабылдадық. Қала бойынша біздің төрт филиалымыз бар. Қазір соның біреуін ғана ашып, 15 баладан екі топты қабылдадық.
– Бұл – бизнес иелерінің сыналар кезі болды…
– Расында да, бізге ө т е қиын тиюд е . Дә л қазір мен бір филиалды жабу жөнінде құжаттар жасақтаудамын. Төтенше жағдай жарияланғаннан б е р і 1 2 қ ы з м е т к е р і м жұмыстан шығып кетті. Олардың қатарында директордан бастап, аспазға дейінгі, түрлі сала мамандары бар. 42500 көлемінде тағайындалған әлеуметтік төлем де тоқтап қалды, менің де қазіргі уақытта ж ұ м ы с с ы з о т ы р ғ а н қызметкерлеріме жалақы төлейтін жағдайым жоқ. Осы ісіме орай алынған қомақты несиемнің ай сайынғы төлемақысы – екі миллион теңге. Бұл жағдай бізге үлкен қиындықтар туғызуда. Балаларды дамыту орталықтарымыз бар. Шектеулі бала санымен жұмыс жасауға рұқсат етілді. Бес баламен жұмыс жа с а у д а м ы з . Б ұ л о с ы оқушыларға дәріс беретін қызметкерлерге төленетін жалақыны да жаппайтынын сезіп отырған боларсыз.
– О с ы м ә с е л е л е р г е қатысты тиісті орындарға жүгініп көрдіңіз бе?
– Мен ай сайынғы с а л ы қ т ы қ т ө л е м д е р д і уақытылы төлеп, барлық заңдылықтарды сақтап отырған бизнес иесімін. 6 0 а д а м д ы жұмыспен қамтудамын . Ал, қазі р туындаған проблемаларды шешуге жұмыстанып жатырмын. Қызметкерлерімнің саны қысқарып, табыс көзім тоқтап қалғандықтан, амалсыздан бір балабақшаны жабуға мәжбүрмін.
– Тазалық талаптарының күшейтілуіне байланысты қандай қосымша шаралар қабылданды?
– Тазалық мәселесі әркез біз үшін бірінші орында болды. Төтенше жағдайға дейін де балабақшаның барлық бөлмелері кварц сәулесімен залалсыздандырылып, санитарлық ережелер толық сақталып келд і . Қ а з і р г і а х у а л ғ а б а й л а н ы с т ы б е т п е р д е тағу міндеттелуі болмаса, өзге санитарлық талаптар бұрыннан жүйелі жүргізіліп келеді.
Гүлжан ӘМІРОВА