БАЛАЛАРҒА — БАЗАРЛЫҚ
Алдымен облыстық балалар денсаулығын қалпына келтіру орталығының директоры Нұрлан Құрақов этномәдени бірлестігінің өкілдеріне «қош келдіңіз» айтып, орталықта балалардың денсаулығын қалпына келтіру бағытында атқарылып жатқан оң істері жайлы хабардар етті.
Достық үйінің директоры Серік Биғамбаев бұл жолғы мәдени шаралардың осы орталықта емделіп жатқан балаларға арналғанын айтты.
Шара соңы концерттік бағдарламаға жалғасты. «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі би ансамблінің орындауында «Қазақ биі», «Барбарики», «Еврей биі», «Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің әншісі Ани Цатынянның орындауында «Иә, солай» әні, «Иверия» би ансамблінің «Кавказ» биі, сондай-ақ, «Жүректен-жүрекке» қоғамдық қорының сайқымазақшысы Ермұрат, өзге де ұлт өкілдерінің орындауындағы әндер мен билер орталықтың емделуші балалары мен ата-аналарына қуаныш сыйлады.
Ғайнолла ЗИНУЛЛИН.