Жарнама
Жаңалықтар

Бала жанының бағбаны

Әдетте балабақша тәрбиешілерін осылай атайды. Расында да, кішкене бүлдіршіндерді үлкен өмірге бейімдеп, оң-солын тануға үйретуде осы мамандық иелерінің алар орны ерекше. Сондықтан, бұл істі оны жан-тәнімен сүйетіндер, оған бар болмысымен берілгендер ғана атқара алады. Атырау қаласындағы №1 мектепке дейінгі авторлық гимназияның директоры Алтынгүл Шәріпқызы Өтебалиева – осындай жан.

%d0%b1%d0%b0%d0%bb%d0%b0-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d0%bd%d1%8b%d2%a3-%d0%b1%d0%b0%d2%93%d0%b1%d0%b0%d0%bd%d1%8b

Ол жетекшілік етіп отырған Атырау қаласындағы №1 мектепке дейінгі авторлық гимназия «Айгөлек», «Тілдарын», «Жаңашыл балабақша-2016», педагогикалық оқулар тәрізді қалалық, облыстық және республикалық түрлі байқауларда ең үздік деп танылды. Ұжым педагогтары қазақстандық және халықаралық сайыстарға, интернет жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.

Ол – «Балабақша мен отбасы әрекеттестігінің жаңа түрі – кеңес беру пункті жұмысын ұйымдастыру» нұсқаулығы, «Шаңырақ», «Үштілділік» авторлық бағдарламаларының авторы. Сонымен қатар, «Үздік менеджер-2014», «Үздік балама бағдарлама-2013», «Үздік әдіскер-2014», «Үздік презентация-2015» байқауларында топ жарды.

 

Тура мағынасында, Алтынгүл Шәріпқызы – ұжым мақтанышы. Оны балабақша қызметкерлері де, бүлдіршіндердің ата-аналары да қатты сыйлайды. «Ұстаз болу – жүректің батылдығы» дегендей, ол бүкіл саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнады. Сондықтан оған:

Жеміс берсін тер төккен еңбегіңіз,

Жақсылық болсын әрдайым көргеніңіз.

Дәулет пен мерейіңіз таса берсін

Арта берсін абырой-беделіңіз, — демекпіз.

Эльмира ИБРАГИМОВА,

№1 мектепке дейінгі авторлық гимназияның

қазақ тілі пәні мұғалімі,

Атырау қаласы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button