Жарнама
ЖаңалықтарСаясатҚоғам

Бағдарлы даму кепілі

Atr.kz/19 тамыз, 2019 жыл. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Сейдуманов іссапармен Атырауға келді.

Кезекті сессиядан кейін халық қалаулыларының жергілікті жұртпен кездесуі игі дәстүрге айналған. Мәжіліс депутаты іссапар кестесін «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің журналистерімен жүздесуден бастады.

 – Елімізде жыл сайын жаңа заңдар қабылданып жатады, — деді Серік Тұрарұлы. – Соларды азаматтарға жан-жақты түсіндіру керек. Дұрысы, жаңа заң шығара бергеннен гөрі оларға өзгерістер енгізген анағұрлым  тиімді. Мұны тәжірибе көрсетіп отыр.

Соңғы кезде мемлекеттік бағдарламалар қатары күрт көбейіп кетті. Бір ғана әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар үшін баспана алудың бірнеше жолы бар. Оның қайсысын таңдаған дұрыс? Міне, осының өзі бас қатырады. Сондықтан, бұл мәселені мейлінше күрделендірмеген жөн. Сондай-ақ, енді кез келген бағдарлама 2025 жылға дейін жоспарланатын болады. Осылайша, бірыңғай жүйе қалыптаспақ.

Егер санақ тілімен мысал келтірсем, ел қазынасында 12 триллион теңге бар делік. Соның 8 триллионын салық түсімі құраса, қалғаны Ұлттық қорға тиесілі. Яғни, біз қазірдің өзінде аталған қордан қаржы алып отырмыз. Бұл нені көрсетеді? Демек, ел экономикасын әлі де көтеру қажет. Бұл үрдіс тоқтамауы тиіс.

Мәселен, мемлекет аумағының бүгінде шамамен тек 40 пайызы ғана зерттеліп, ел игілігіне жарап отыр. Ал, қалған бөлігі ше? Міне, нақты зерттеу жұмыстары жүргізілмеген жерге инвестор келмейді. Олай болса, геологиялық барлау жұмыстарын жеделдету керек. Сонымен бірге, социолог ретінде айтарым, қоғамдық қатынастарды да реттеп отырған дұрыс. Кез келген әлеуметтік бағдарламаның тиімділігімен бірге жауапкершілігін де сезіне білген жөн.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

IMG 20190819 111842

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button