Жарнама
Жаңалықтар

«БАҒАНЫ ӨСІРУГЕ ЕШ НЕГІЗ ЖОҚ»

 «БТТ»ЖШС директорының орынбасары Мадат Өтеғазиеваның айтуынша, тауар бағасында еш өсім жоқ. 

— Таңертең сатылымға келген ет өнімдерінің де бағасы бұрынғыдай. Сатушылардың бағаны өсірмеуін қатаң бақылауда ұстап отырмыз, — дейді ол. 

Сиыр еті – 1000 – 1100 теңге, жылқы еті 1300 теңге шамасында. Ал, тауық еті 425 теңгеден тұрса, он дана жұмыртқа 184 теңгені құрайды. Сол сияқты, картоп -100 теңге, пияз 115 теңгеден сатылуда. 

«АтырауАгросервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының облыстық тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын халыққа тиімді бағамен сатып отыр. Мәселен, қырыққабат – 70, сәбіз – 75, қызылша – 70, пияз – 70, картоп – 81 теңге. Аталған қор есебінен қаладағы 8-9 жерде азық-түлік өнімдері ең төмен бағамен сатылуда.

— Үкімет басшысының тапсырмасына байланысты қаладағы базарларды, соның ішінде, көтерме сауда орындарын түгел аралап шықтық, — деді облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбатында. — Еліміздегі ұлттық валюта құндылығының өзгеруіне байланысты алаңдауға, әбігерге түсуге еш негіз жоқ. Азық-түлік бағасының өсімі еш жерде байқалмайды. Оны көтеруге негіз де жоқ. Өйткені, біз тамақты доллармен сатып алып отырған жоқпыз. Атырауда өндірілмегенімен, бұл қазақстандық тауар саналады. Осы уақытқа дейін қалай тасымалданса, қазір де ештеңе өзгерген жоқ. Ал, бағаны негізсіз көтеру немесе валюта айырбастайтын жерлерде алыпсатарлық жағдайлар орын алып жатса, 27-28-31 нөміріне хабарласуға болады. Бұл мәселе үнемі біздің бақылауымызда болады. 

Осы орайда облыс басшысы ендігі кезекте өзге облыстардан тасымалдау емес, жергілікті жерден өнім шығару мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. 

«Көктем» базарының да тазалығы мен тәртібіне оң бағасын берген аймақ басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов барлық жерде тәртіп осылай сақталу керектігін ескертті. 

 Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button