Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыЭкономикаҚоғам

«Бәрі білетін бренд жасап шығарыңдар!»

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен Исатай ауданындағы көшпелі жиында жергілікті өнім сапасы негізгі тақырыпқа айналды,-деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-02-05 at 16.24.50 (1)

Жиын барысында Нұрлан Ноғаев ауылдағы кәсіпкерлерге өнімнің көлемін емес, өндірілген тауарлар мен қызметтердің сапасын қадағалауға шақырды, өйткені осы жағдайда ғана сұраныс пен бәсекелестік жоғары болады.

«Тұтынушылар сіздерден сапалы өнім күтеді. Оларды өнімдегі екі нәрсе қызықтырады – бұл тиімді баға және жақсы сапа. Мейлі, өндірілген тауар көлемі аз болсын, бірақ сапасы жоғары болғаны абзал. Міне, нақты мақсат. Жақсы өнім болса, оған сұраныс та жоғары болады. Сол өнімді ғана дүкендерден іздейді. Барлығы еститіндей бренд жасап шығару керек. Сапа мәселесі бүгінде басты орында»,-деді Н.Ноғаев.

Жиын қорытындысы бойынша тиісті мекеме басшыларына өңірдегі шағын және орта бизнесті дамыту бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.

Айта кету керек, бүгінгі күні Атырау облысы шағын және орта кәсіпкерлік саласында өндірістің өсу қарқыны бойынша республикада көш бастап тұр. 2017 жылы өңірде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнімдері мен қызметтерінің көлемі 1 триллион 100 миллиард теңгені құраған. Бұл 2016 жылға қарағанда бір жарым есеге артық.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button