Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Бүгін – Көрісу күні

Бүгін қазақ халқының көнеден келе жатқан мерекелерінің бірі – Көрісу күні. Бұл күнді атап өту дәстүрі негізінен Қазақстанның батыс облыстарында сақталған.

1489462631_20170314084138

14 наурыз күні жасы кішілер ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерге барып, қос қолын беріп, көріседі. Бұл күні жасы үлкендер кішілерді күтіп, келгендерге «Бір жасыңмен! Жас қайырлы болсын, өмір жасың ұзақ болсын!» деп ерекше мейіріммен батасын береді. Әр үйде дастархан жайылып, ұлттық тағамдар қойылып, адамдар бір-бірімен құшақ жая амандасып, есендік сұрасады. Көңілде өкпе-реніштері болса, кешіреді.

Атаулы күн, негізінен, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында және Ақтөбенің кейбір ауданында, Ресейдің көршілес Астрахан, Саратов, Орынбор өңірлерінде, Қарақалпақстанда аталып өтеді.

Бұл күні әр адам міндетті түрде үш үйдің есігін ашуы керек. Яғни, түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі тиіс. Үй-үйді қыдырып жүргенде кішкентай балаларға аналары шағын дорба ұстатып қояды. Балақай қай үйге көрісуге кірсе, сол үйдің дастарханынан ауыз тиіп, бауырсақ, тәттілерден салып алады. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым-қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған. Бір ерекшелігі — Көрісу бір күнмен шектелетін мереке емес, ол наурыздың 14-інен басталып, айдың соңына дейін жалғаса береді.

Хорлан СМАДИЯР

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button