Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады
Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде екпінді жел, тұман сақталады; солтүстік-батыста және оңтүстікте көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, түнде және таңертең тұман болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, таңертең және күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Қызылорда, түнде Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін болады.
Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, Ақтөбе облысының жекелеген аудандарында көктайғақ болады.