
Азық-түлік бағасын төмендетудің айрықша әдісі табылды
Atr.kz/19 маусым, 2019 жыл. Қазақстанның әр облысында көтерме-бөлу орталықтары салынады.
Ол жеміс-жидек пен көкөністі тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.
«Қазір көтерме-бөлу орталықтарын салу және олардың жұмысын ұйымдастыру жобасы жүзеге асып жатыр. Бұл жаңа дүние. Әрбір облыста осындай орталық салу жоспарланып отыр. Бұл жеміс-жидек пен көкөністі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден тікелей, төмен маржамен, делдалсыз сатып алуға және азық-түлік қымбаттаған кезде тауар интервенциясын жүргізуге мүмкіндік береді», — деді Дәленов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Министр орталықтарды, өкінішке қарай, тез арада салып бітіру мүмкін емес екенін айтты. Бірақ, барлық облыста қазір құрылыс қарқынды жүріп жатыр.
Сондай-ақ, Дәленов базарлардағы азық-түлік бағасын қазір де өзі бақылап, қарап жүргенін айтты.
Дереккөз: Sputniknews.kz