Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Азияны мойындатқан Айбике

Өткен жыл семсерлесу спортынан Қазақстан құрамасының мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айбике Хабибуллина үшін сәтті болды.

AAibyke

Құрманғазылық қайсар қыз  Индонезияда өткен Азиада ойындарында командалық есепте қола жүлдегер атанса, 23 жасқа дейінгі Филиппин елінің Манила қаласында семсерлесуден Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты. Жаңажылдық демалысқа келген Айбикені Құрманғазы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Жандос Бектеміров қабылдап, сый-сияпатын табыстады. Ол семсерші қызға Токио Олимпиадасына берілетін жолдаманы жеңіп алуға тілектестігін білдірді.

Бала кезінен спорттың бірнеше түрімен шұғылданған Айбике 12 жасында Алматыдағы Қаркен Ахметов атындағы олимпиадалық резервтегі мамандандырылған республикалық мектеп-интернатқа оқуға қабылданған болатын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button