Жарнама
Жаңалықтар

Азаматтық қоғам ролін арттыру

Қалалық №7 емхана ғимаратында орналасқан №92 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Айман Қуанбаеваның айтуынша, 2245 сайлаушы тіркелген. Дауыс беруге келгендердің арасында Азаматтық орталықтың директоры Жаннат Досқалиева да бар.

«Мен бүгін Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өз кандидатыма дауыс беруге келдім. Кез-келген мемлекет үшін Президент сайлауы әрқашан өте маңызды және айтулы оқиға болып табылады. Сондықтан әрқайсымыз белсенді азаматтық ұстанымымызды көрсетуіміз керек.
Кезектен тыс сайлаудан экономикалық, саяси және әлеуметтік тұрғыдан үлкен, оң өзгерістер күтемін. Бұл мемлекетіміздің тұрақты даму жолындағы тағы бір қадамы. Азаматтық орталықтың негізгі міндеті – азаматтық қоғам мен үкіметтік емес ұйымдарды қолдау. Қазір облыста 712 үкіметтік емес ұйым тіркелсе, оның 100-ге жуығы біздің орталықтың көмегімен ашылды.

Сондықтан, бүгінгі күні гүлденген болашақ үшін дауыс бере отырып, біз қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуде үкіметтік емес ұйымдардың ірі компаниялармен, жеке кәсіпкерлермен өзара іс-қимылын күшейтуге үлкен үміт артамыз. Бұған қоса, маңызды ұстанымның бірі – ҮЕҰ әлеуетін арттыру» — дейді Жанат Закиқызы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button