Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде қар, желдің күшеюі, тұман, көктайғақ сақталады.
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.
Қостанай облысының кей жерінде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді деп күтілуде.
Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, Маңғыстау облысында екпіні 23 м/с-ға жетеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Атырау облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарына тұман түседі.
Айқара Ғұмар