Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАС ПРОКУРОРЫ АУЫСТЫ

Atr.kz/18 наурыз, 2019 жыл Бұған дейін Қазақстанның бас прокуроры болған Қайрат Қожамжаров қызметінен босатылды.

Мемлекет Басшысының Жарлығымен Ғизат Нұрдәулетов Қазақстанның бас прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Ғизат Нұрдәулетов 2017 жылдың шілде айынан бастап бас прокурордың бірінші орынбасары қызметін атқарды.

1964 жылы  Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақастек ауылында туған.

Мемлекеттік тергеу комитеті органдарында (1996-1997), Ұлттық қауіпсіздік комитетінде (1997-2007) жұмыс істеген.

Алматы облысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментін басқарған (2007-07.2017). Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры (06.05.2013 жылдан бастап).  

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button