Қазақстандықтар желтоқсан айында 13 күн демалады
Қазақстанда желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздік күні мерекелері өтеді. Қазақстандықтар қосымша үш күн демалады.
1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні жұмаға келіп тұр, сол себепті қазақстандықтар 1-і мен 3-і аралығында үш күн қатарынан демалады. Бұл шарт 5 күндік жұмыс аптасына қатысты, ал 6 күндік жұмыс аптасында 2 желтоқсан жұмыс күні.
Тәуелсіздік күні — 16-17 желтоқсан, ол сенбі мен жексенбі күндеріне келіп отыр. Қазақстандағы мерекелік күндер туралы заңға сәйкес, демалыс күні мерекелік күнмен қатар келетін болса, мерекелік күннен кейінгі жұмыс күнінде демалыс болады.
Осылайша, қазақстандықтар 16-19 желтоқсан аралығында қатарынан 4 күн демалады.
Жалпы, биылғы желтоқсан айындағы демалыс 13 күнді құрап отыр.
Айқара Ғұмар
Фото kadry.mcfr.kz сайтынан алынған