ЖаңалықтарЭкологияҚоғам
Қазақстанда алдағы күндері боран соғып, көктайғақ болады
«Қазгидромет» РМК 9-11 қаңтар күндері Қазақстанда қандай ауа райы болатынын мәлімдеді,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ресейдің еуропалық бөлігінен Қазақстанға атлантикалық циклонмен байланысты ауа ағындары жылжып келеді. Алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облысына алдымен жылы, кейіннен суық ауа ағындары келеді.
Кей жерлерде қар жауып, боран болады, жел батыстан секундына 15-23 метр жылдамдықпен соғады, ауа температурасы көтеріліп, көктайғақ болады»,-делінген хабарламада.
Айқара Ғұмар