Жарнама
ЖаңалықтарМәдениет

Қазақстан халықтары бірлігі күні кең көлемде аталып өтті

1 мамыр — Қазақстан халықтары бірлігі күні мерекесінің аясында Атырауда мәдени-көпшілік шаралар өтті, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-05-01 at 12.58.38 (2)

Мерекелік шаралар Сұлтан Бейбарыс алаңында бастау алды. Атыраулықтар мен қала қонақтары алдында этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

Мерекелік құттықтауда облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Қазақстан халықтары бірлігі күнін атап өтудің маңыздылығына тоқталды.

Қазір аймақта 17 этномәдени бірлестік бар. Әр түрлі ұлт пен дін өкілдері қоғам дамуына үлестерін қосып келеді. Ұзақ жылдар бойы бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келеміз, соның арқасында Қазақстан толерантты ел ретінде әлемге белгілі. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, Қазақстанның өркендеп, дамуы біздің бәріміздің ортақ мақсатымыз, — деді Нұрлан Ноғаев.

WhatsApp Image 2018-05-01 at 12.58.39 (1)

Одан әрі мереке Сұлтан Бейбарыс алаңында «Аида Кауменова» мен «Нұр-Шах» сән үйлері киімдерінің көрмесімен жалғасып, кешкі мерекелік концертпен аяқталды.

 

Хорлан Смадияр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button