Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам

«Қайдасың, бұрынғының бұрымдысы?» байқауының кезекті қатысушысы (+ФОТО)

…1988 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келдім. 1994 жылы Есенбай Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің табалдырығын аттадым. 2005 жылдан бастап өзім қалаған жоғары оқу орындарына түсіп, білім-білігімді шыңдадым. Еңбек жолын «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бастадым.

IMG-20190111-WA0041

Нақтырақ айтқанда, Махамбет аудандық «Жайық шұғыласы» газетінде жарнама менеджері қызметіне қабылдандым. Бүгінде «арқалағаны – алтын, жегені – жантақ» журналистермен бірге үзеңгілес болып еңбек етіп келемін. Мен үшін бұл – қызығы мен қиындығы қатар өрбіген, жауапкершілік жүгі ауыр абыройлы жұмыстардың бірі деп білемін.

IMG-20190111-WA0077

Балалық шағымда анамның бұрымына сүйсініп өстім. «Менің де шашым дәл солай өссе екен» деп іштей қатты қызығушы едім. Сөйтіп, сол кезде-ақ бұрымымды күте бастадым. Осылайша, шаш өсіруге шамамен жетінші сыныптан бастап ден қойдым.

IMG-20190111-WA0040

Қазір бұрымымның ұзындығы 134 сантиметрге жетіп қалды. Оны күтудің өз құпиялары бар. Аптасына екі-үш рет химиялық қоспасы жоқ сусабындармен жуып отырамын. Ұштанып кеткен тұстарын тегістеп қиып жүремін. Шаш күтімінің тағы бір сыры, бұрымымды көптің көзіне көп түсірмеуге тырысамын. Өйткені, халқымызда о заманнан «тіл-көз тиеді» деген түсінік қалыптасқан. Сондықтан шашымды өріп, түйіп қоямын. Сонда ғана жүрегім байыз табады.

IMG-20190111-WA0075

IMG-20190111-WA0076

*Бұрымсыз өз өмірімді елестете алмаймын. Егер шашымды қысқартатын болсам, қазақы қалпымнан да айырылып қалатын сияқтымын. Егер, бұрынғы кезге оралсақ, қазақтың қаракөздерінің барлығы дерлік бұрым қойған, үстерінен ұлттық киімдерін тастамаған. Ал, қазір ше? Тек Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінде ғана ою-өрнекке оранып, жасанды бұрымды шашымызға жалғаймыз. Өзім бұған қарсымын. «Қазақтың қызы» деген ғажап атқа сай келу үшін, бұрым өсіру керек деп санаймын.

Лұқпанова Нұргүл Кәрімқызы,

жарнама менеджері.

Махамбет ауданы.

IMG-20190111-WA0066

Related Articles

21 Comments

  1. Сәттілік серігің болсын. Дауыс бердік. Тек әділдікпен өтуіне тілектеспіз. Дауыс жинауда қазір қиын емес оғанда көзіміз жеткен.

  2. Өте тамаша қазақи көрікөрініс осы қалпыңнан тайма

  3. Балдыз саттилик тилеймин. Тек алга. ️

  4. Салем барине. тек карап кеткенше унайдыны басып кетиниздер.рахмет дауыс бергендеринизге

  5. Нұргүл, сәттілік тілеймін. Жеңіп шығуыңа тілектеспін.

  6. Жеңіп шығуыңа тілектеспін. Алға! Тек қана жеңіс!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button