!["Авангард-3" мөлтекауданында бес қабатты үй өртенді (+ВИДЕО) 1 screenshot 20220216 101529 com.whatsapp](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/02/screenshot_20220216_101529_com.whatsapp.jpg)
«Авангард-3» мөлтекауданында бес қабатты үй өртенді (+ВИДЕО)
Атыраулық полицейлер өрт шыққан үйден алпысқа жуық тұрғынды эвакуациялады.
Бүгін,16 ақпан күні сағат 06:00 шамасында Авангард-3 мөлтек ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінің үшінші қабатында өрт шыққаны туралы 102 операторына хабарлама түскен. Оқиға орнына дереу барған патрульдік полиция автопатрульдеу экипажының қызметкерлері — полиция аға лейтенанты Жәнібек Елемесов пен полиция аға лейтенанты Еламан Төлешов бес қабатты үйдің әр пәтерінің есігін қағып, алпысқа жуық тұрғынды дереу сыртқа шығарды.
— Көршіміздің балконынан өрт шыққан. Оны өздері білмейді, әбден өрт болғанда білген. Дереу полицейлер мен өрт сөндірушілердің көмегімен киініп далаға шықтық — деді өрт шыққан үйдің тұрғыны.
— Хабарлама түскен бойда тұрғындарға көмектесуден басқа ештеңе ойлаған жоқпыз. Оларды шұғыл қауіпсіз жерге шығардық — дейді Еламан Төлешов.
Атырау облысы полиция департаменті тұрғындардан өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігін ескертеді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ