Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда ауыр жүк көлігі жүргізушілеріне 16 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

«Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК АОФ мамандары Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, Әкімшілік полиция басқармасы және «ҚазАвтоЖол»АҚ АОФ өкілдерімен бірлесіп «Жолда қабылдау» акциясын өткізді.

Рейдтік іс-шара кезінде «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань бағыты)» тас жолының «Қарабатан» елдімекені тұсындағы демалыс алаңында 10-нан астам ауыр жүк көлігінің салмағы өлшенді.

Мамандардың айтуынша,  1-маусым мен 31-тамыз аралығында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілген. 

-Соған сәйкес, бір осьтік жүктемесі 8 тоннадан асатын көлік құралдары сағат 10-00-ден 22-00 аралығында облыстың жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында жүрмеуі тиіс, — дейді ‘Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК АОФ бөлім бастығы Нұрлан Жантурин.

Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының бөлім бастығы Әнуар Бисалиевтің айтуынша,  тексеріс нәтижесінде ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне ҚР Әкімшілік кодексі 571 бабы 1-бөлімі, 590-бап және 572-баптың 2 бөлімі бойынша 5 хаттама толтырылды. Енді көлік иелері 100 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Жалпы жыл басынан бері артық салмақ тиеген ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне 86 хаттама толтырылып, 16 млн 475 мың теңгеге жуық айыппұл салынған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button